Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Оңтүстік астанадағы эпидемиологиялық ахуал «дельта» штамының таралуына байланысты ушығып тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.
Бекшин тұрғындарды эпидемиологтар мен дәрігерлерге жауапкершілікпен қарауға шақырды. Оның айтуынша, қазір бетперде тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қолды жиі жуу мен вакцина алу сынды санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды.Жыл басынан бері Алматыда КВИ-дің 55 101 жағдайы анықталды. Ал маусым айында 3 889 жағдайы тіркелді. Өткен аптада коронавирус дерті 1,7 есе өсті. 742-ден 1 237-ге дейін. Соңғы тәулікте КВИ-дің 215 жағдайы тіркелді, - деді Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай контагиозды мутацияланған «дельта» штамының таралуына байланысты ушығуда.