Bek Аir авиакомпаниясының жұмысы уақытша тоқтатылды

27 Желтоқсан 2019, 12:51
3535
Бөлісу:
Bek Аir авиакомпаниясының жұмысы уақытша тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Bek Аir әуекомпаниясының ұшу жарамдылығын тоқтатты. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификаты 2019 жылы мамырда берілді. Борттың шығарылған күні 1996 жылдың сәуір айы. Қазақстандық тізілімде 2016 жылғы 26 тамызда тіркелген (куәлік нөмірі 940). Bek air авиакомпаниясында 9 борт тіркелген. Қазіргі уақытта пайдаланушы сертификатын және Bek air авиакомпаниясының ұшу жарамдылығын Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тоқтатты, - деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталуда.


Өзгелердің жаңалығы