Базардағы COVID-19. Бейжіңде жаппай тексеріс басталады

13 Маусым 2020, 10:56
1563
Бөлісу:
Базардағы COVID-19. Бейжіңде жаппай тексеріс басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда нысаны дезинфекция жұмыстарын жүргізу мақсатында қызметін тоқтатты, базардағы азық-түліктің бір бөлігі тексеруге жіберілді, деп хабарлады korrespondent.net.

Бейжің билігі Синьфади сауда базарындағы 10 мың қызметкер мен саудагерді коронавирусқа жаппай тестілеуден өткізеді. 

Жаппай тексерістің себебі-импортталған ақсерке өңделіп жатқан балықты бөлу тақтасынан инфекцияның табылуы. Оның бетінде коронавирус анықталғаннан кейін базар 13 маусым күні жергілікті уақыт бойынша 03.00-ден бастап санитарлық өңдеуге жабылды. 

Хабарланғандай, азық-түлік те тексеріледі.

Жұмадан сенбіге қараған түні базар маңында азық-түліктерді тұрақты жеткізуді қамтамасыз ететін жүк көліктері көп жиналған. Нысанның аумағындағы тауарлардың барлық қоры тексеру үшін айналымнан уақытша алынды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Бейжіңдегі тағы бес базар өз жұмысын тоқтатты. Базарлар Бейжіңнің көкөніс пен жемістерге деген қажеттілігінің 90% - ын қамтамасыз етіп тұрған. Сондықтан да  базар басшылығы уақытша павильондар мен көкөніс пен жеміс-жидек палаткаларын ашуды қарастырған.

Өзгелердің жаңалығы