Бас жаңалықтар
"Бәйтерек" ұлттық холдингі 88,8 млрд теңгенің жобасын мақұлдады
19 Ақпан 2020, 13:35 916

"Бәйтерек" ұлттық холдингі 88,8 млрд теңгенің жобасын мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президенттің Жарлығымен осыдан жеті жыл бұрын құрылған "Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы, яғни Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры жалпы сомасы 88,8 млрд теңге тұратын жобаны мақұлдады. Бұл коммерциялық нарықта 6 мың пәтер сатып алу үшін халықтың салымдарын қорғауға мүмкіндік береді. 

Бұл туралы бүгінгі өткен баспасөз-конференциясында Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев хабарлады. 

Үлестік тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша біздің Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры (холдингтің еншілес ұйымы-ред.) 71,4 млрд теңгеге жоспарлап, нәтижесінде 88,8 млрд теңге жалпы сомасына жобаларды мақұлдады. Бұл коммерциялық нарықта 6 мың пәтер сатып алу үшін халықтың салымдарын қорғауға мүмкіндік берді. Ағымдағы жылы 90 млрд теңгеден астам сомаға құрылысты аяқтауға кепілдік беру жоспарлануда, - деді ол.

Сонымен қатар, жеке құрылыс салушыларға несиені субсидиялау бойынша "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры субсидиялау үшін жалпы сомасы 49,6 млрд теңге болатын 47 жобаға қол қойған.

Әнуар Омарқожаевтың айтуынша, құрылыс компаниялары үшін коммерциялық кредиттер құны орта есеппен 50%-ға арзандады. 

Сонымен бірге салынған тұрғын үйдің жартысы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына, "7-20-25" бағдарламасына қатысушыларға және коммерциялық банктерге белгіленген бағамен сатылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыс істеп тұрған операторлар - Бәйтерек девелопмент, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорын біріктіру арқылы "Бәйтерек" холдингінің тұрғын үй блогын оңтайландыру және Бірыңғай операторға "Даму" қорының құрылыс салушыларына қарыздарды субсидиялау функциясын беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп атап өтті спикер.

Басқарма басшылығы биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілетінін жеткізді. Осылайша, қолданыстағы бес оператордың саны екіге дейін азаятын болады.

Холдингтің тұрғын үй блогы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен алынған қарыздар арқылы жұмыс істейтін азаматтардың сұранысын ынталандырады және Бірыңғай оператор функциялары арқылы тұрғын үй салу бойынша ұсынысты қамтамасыз етеді, - деп түсіндірді ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...