Байқоңырдан OneWeb спутниктері ұшырылды

7 Ақпан 2020, 08:37
1869
Бөлісу:
Байқоңырдан OneWeb спутниктері ұшырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Фрегат" үдемелі блогы мен британдық компанияның OneWeb ғарыш аппараты тиелген "Союз-2.1б" зымырантасығышы Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшырылды.


"Союз 2.1б" зымырантасығышы белгіленген уақытта, яғни 7 ақпан күні сағат 03:42-де Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан ұшырылды. Роскосмос бұл оқиғаны тікелей эфирден көрсетті.

Стартқа 40 минут қалғанда "Роскосмос-ТВ" көрермен назарына Байқоңыр айлағындағы дайындық жұмысы туралы видеосюжеттерді, Роскосмос пен OneWeb компаниясының ынтымақтастығы туралы мамандармен сұхбатты, "Союз 2.1б" зымырантасығышы орнатылған Байқоңыр алаңынан тікелей эфирді ұсынды.



Нысан штаттық режимде ұшырылды. Тікелей эфир репортажын жүргізушілердің сөзіне сенсек, зымырантасығыштың алдыңғы екі басқышы белгіленген уақытта бөлініп шыққан, ал "Фрегат" үдемелі блогының бөлігі спутниктермен бірге старттан кейін арада 10 минут өткенде ажырады.

Ұшырылымның циклограммасына сәйкес одан кейінгі 3,5 сағатта ғарыш аппараттары "Фрегат-М" үдемелі блогынан бөлінеді, сөйтіп орбитадағы өз нүктелеріне жайғасады. OneWeb төменорбиталды ғарыш аппараттары жер бетіндегі тұтынушыларды тікелей спутник байланысы арқылы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуге арналған. Компания жалпы саны 500-ден астам спутникті Жер айналасындағы орбитаға шығарып, 2020 жылдан бастап оларды коммерциялық мақсатта пайдалануды көздеп отыр.

OneWeb 2021 жылдан бастап Жерді 24-сағаттық байланыспен қамтымақ



Өзгелердің жаңалығы