Батыс Қазақстанда су тасқынының қаупі сейіліп келеді

3 Сәуір 2019, 20:06
1987
Бөлісу:
Батыс Қазақстанда су тасқынының қаупі сейіліп келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әзірге су деңгейі он шақты елді мекеннің дәл іргесінен ағатын Деркөл өзенінде ғана көтеріліп тұр. Дегенмен, жағдай толық бақылауда. Тасқала мен Бәйтерек аудандары және қала іргесіндегі арнайы полигон аумақтарында қар әлі ери қойған жоқ. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Синоптиктердің сөзіне қарағанда, сәуір айында ауа температурасы 23 градусқа дейін жылынбақ.

Мамандар өзендерде де қалың мұздың көбесі сөгілгенін, қазіргі таңда аймақта тасқынға қатысты жағдай тұрақты екендігін айтады.

«Ресей Федерациясының Саратов облысына барып қайттық. Саратоп гидрометеорлогиялық болжамы бойынша, Сарыөзен мен Қарөзен бойынша су қауіпті деңгейге жетпейді. Ауа райының жылынуына байланысты енді ылғалдылық көп болады. Бірақ сонда әлі қауіпті деңгейге жеткен жоқ», - дейді «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Нұржан Шияп.

Облыстық ТЖД бас маманы Нұралы Мүсиевтың айтуынша, облысымызда су тасқынына қарсы қатысты шаралар аяқталуда.

«Қар шығару, су өткізу құбырларын тазалау, мұз кесу, мұзда ойық ою жұмыстары толық аяқталды. Жүріп жатқан шаралардың бірі бұл еріген қар суын шығару. Шығарылған қар суының көлемі 64 мың текше метр», - дейді ол.

 

Өзгелердің жаңалығы