Батутта секіруден Италияда өтетін әлем кубогі кейінге қалдырылды

27 Ақпан 2021, 23:01
1456
Бөлісу:
Батутта секіруден Италияда өтетін әлем кубогі кейінге қалдырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус пандемиясына байланысты батутта секіру спорты бойынша Италиядағы әлем кубогінің өтетін уақыты өзгертілді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Италия Федерациясының өтініші бойынша FIG Еуропалық комиссиясы Брешиада (Италия) өтетін 23-24 сәуірге жоспарланған әлем кубогін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Жарыстың өтетін уақыты жақын арада ресми хабарланады. 

Аталған шара 2021 жылдың маусымның бірінші аптасында өтеді деп жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы