Бас санитардың болжамы Біртановтан асып түсті: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетеді

22 Сәуір 2020, 18:57
2246
Бөлісу:
Бас санитардың болжамы Біртановтан асып түсті: Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 4 мыңға жетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Қазақстанның бас санитары Айжан Есмағамбетова Қазақстанда коронавирус жұқтырған адам саны алдағы айда қаншаға дейін жетуі мүмкін екенін айтты.

Қазіргі кезде республикада коронавирустың шарықтау шегі басталды. Науқастардың саны күн сайын 8%-ға өсіп отыр. Болжам бойынша, дерттің өршуін, шарықтау шегі мен төмендеуін наурыз, сәуір және мамыр айларында өткереміз. Болжам бойынша сәуір айының соңына дейін 2 700-дей  адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Мамыр айының соңына дейін 4 мыңға жуық адам індетке шалдығуы ықтимал, - деді Айжан Есмағамбетова.
Бас санитардың сөзіне қарағанда, бүгінде денсаулық сақтау министрлігі күн сайынғы статистиканы 5%-ға дейін төмендетуді көздейді. Одан кейін ауруға шалдығу көрсеткішін 1%-ға түсіру керек. Ал жергілікті жерде науқастардың тіркелуі тоқтағанда жағдай тұрақталады.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус шарықтау шегіне жеткенде науқастардың саны 3 500 адамнан аспауы ықтимал деп айтқан.

22 сәуір сағат 18:30-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша 2070 науқас бар.
Өзгелердің жаңалығы