Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

7 Желтоқсан 2020, 12:50
2825
Бөлісу:
Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.

«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57 қаулысының 8-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылды:

«серіктесінде нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспаған ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болған жағдайда серіктес босануды жүргізуге рұқсат беруді;».

  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі  күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына мынадай өзгерістер енгзілді.

1) 1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:

ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, барлық келген адамдар Анықтама ұсынуға міндетті;

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады;

         2) Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:

ертіп жүретін адамдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтама (бұдан әрі – Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол, теңіз және өзен көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда, барлық келген адамдар Анықтама ұсынуға міндетті;

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; локомотив бригадаларының мүшелерін; теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;»;

2) қаулыға 1 және 6-қосымшалар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

1.   Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

2.   Осы қаулы 2020 жылғы 8 желтоқсанда сағат 00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.



Өзгелердің жаңалығы