Бас мүфти Шорнақ пен Сәтбаевтағы жағдайға қатысты пікір білдірді

24 Шілде 2020, 15:44
2699
Бөлісу:
Бас мүфти Шорнақ пен Сәтбаевтағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Нұр- Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн брифинг барысында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.

Кеше ғана тағы да қабырғамызды қайыстыратын, жанымызға бататын жағдайлар жөнінде естіп қалдық. Сәтбаев қаласында болған жағдай, Алла сақтасын. Түркістан облысында болған жағдай. Осы тұста біз барынша сабырлық танытайық. Біз – құқықтық мемлекетпіз. Қылмыскерлер жазасын міндетті түрде жазасын заң аясында алатын болады. Тек бұл кезде тәртіп сақтамай, байқамай бір кішкентей жағдайды үлкенге айналдырып алмайық. Осы тұста құқық қорғау органдары да ашық қарап, халыққа шынайы ақпарат берсе деген үміттеміз, - деді ол. 

Бас мүфти осы күнге дейін еліміз Мемлекет басшысымен бірігіп, қабылданған шешімдерге бойұсынып, аман-есен келе жатқанын айтты. 
Бұл жағдайдан да өтеміз. Тек рухымыз биік болсын. Өзіміз бен отбасымыздың, бала-шағамыздың, ағайынның амандығын ойлайық. Бұл кез де артта қалады. Отанымыздың мәңгілік болуын Алла нәсіп етсін, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы