Қазақстан жаңа коронавирусты анықтай алатын тест әзірлейді

20 Қаңтар 2020, 18:36
2454
Бөлісу:
Қазақстан жаңа коронавирусты анықтай алатын тест әзірлейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытай елінің Ухань қаласында таралып жатқан вирустың геномы анықталды. 

Ол Таяу Шығыста болған респираторлық синдромға – вирустық аурудың құрамымен 20%-ға ұқсас. Бұл отандық зертханаларға өзінің коронавирустық тест жүйесін индикациялау үшін әзірлеуге мүмкіндік береді. БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин осылай деді. 

Бүгінгі таңда 13 мыңнан астам адам қаралды. Қытайдан келгендердің арасында дене қызуы жоғары және ауру белгілері анықталған жоқ. Алматы-Нұр-Сұлтан-Франкфурт бағытындағы транзиттік жолаушылар арасында 2 адамда температура анықталды, тексеруден кейін ларинготрахеит диагнозы қойылды, - деп айтты Жандарбек Бекшин.

Бас санитарлық дәрігер жіті респираторлық инфекцилармен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынас жасамауға және науқас адамдармен тікелей байланыста болған адамдарға қолдарын жиі жууға кеңес берді.

Қазір елімізде бақылауды күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қытайдың 5 қаласына тікелей ұшатын рейстеріміз бар. Үш рейс елордадан, бес рейс Алматы қаласынан. Ухань қаласымен тікелей әуе рейсі тоқтатылды. Әуежай, шекара және кеден қызметінің қызметкерлерімен, бортсеріктерімен, экипаждарымен, жолаушылар пойыздарының жолсеріктерімен профилактикалық жұмыстар жүргіздік, - деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, инфекцияның жалпы белгілеріне респираторлық симптомдар, қызба, жөтел, ентігу және тыныс алудың қиындауы жатады. 

Ауыр жағдайларда инфекция пневмония, бүйрек жеткіліксіздігі, тіпті соңында адам қаза табуы мүмкін, - деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы