Банктердің жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді

5 Қыркүйек 2020, 20:30
2137
Бөлісу:
Банктердің жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы» ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен бұйрығына енгізілген өзгерістер жарияланды.

Бұйрыққа сәйкес, 2020 жылғы 7 қыркүйектен бастап өндірістік қажеттілік болған кезде филиалдың штат санының кемінде 30% қызметкері қашықтан жұмыс істеу нысанына ауыса алатын екінші деңгейдегі банктердің филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% қызметкерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етуі керек.
Жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 18: 00-ге дейін белгіленетін екінші деңгейдегі банктерді және қызметін Ұлттық банктің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензияның негізінде айырбастау пункттері ғана арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда жұмыс кестесін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін белгілесін, – делінген құжатта.

Сонымен қатар, бұйрықта қызметтерді барынша онлайн-режимде көрсетуді қамтамасыз ету керектігі аталып өткен. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


Өзгелердің жаңалығы