Балаларымыздың бірнеше тіл білгені жақсы – Тоқаев

21 Қазан 2021, 11:40
1857
Бөлісу:
Балаларымыздың бірнеше тіл білгені жақсы – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Мектеп оқушылары бәсекеге қабілетті болуы үшін мемлекеттік тілді де, ана тілін де және мүмкіндігінше орыс тілін жақсы меңгеруі тиіс, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жасөспірімдерді бір ғана тілмен шектеуге болмайтынын айтты. 

Толықтай алғанда, балаларымыздың бірнеше тілді білгені өздеріне жақсы. Оларды бір тілмен ғана шектеуге болмайды. Сол арқылы біз іс жүзінде олардың болашақ дамуын, болашақтағы бірігуін шектейтін боламыз. Сол себепті  Білім және ғылым министрлігі бүкіл әлемдік көптілділік тәжірибесін тыңғылықты зерделеуі қажет, біздің ұлттық топырағымызға сіңіруі керек, - деді ол Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Өзгелердің жаңалығы