Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне вакцина салынуы мүмкін бе?

12 Қараша 2021, 14:36
1232
Бөлісу:
Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне вакцина салынуы мүмкін бе?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова жауап берді. 

Оның айтуынша, балалар үйінің тәрбиеленушілерін вакцинациялау келесі кезеңге жоспарланған.

Еліміздің бас қаласы бойынша 63 мың бала вакцинациялау тобына жатады. Ең алдымен, екпе салу мектептерден басталады. Балалар үйінің тәрбиеленушілері егер жас мөлшері келіп тұрса, келесі кезеңнен бастап вакцинацияланатын болады, – деп атап өтті Әлия Рүстемова.

Қолданыстағы заңнама бойынша балаларды вакцинациялау үшін ата-анасының біреуінің келісімі қажет екені белгілі. Нұр-Сұлтандағы бүкіл мектепке жауапты емханалар бекітілген. Қалаған жағдайда екпені білім беру мекемесіндегі егу кабинетінде немесе емханаға келіп жасатуға мүмкіндік бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін балаларға да вакцинация құжаты берілетіндігі туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы