2025 жылы бала туатын әйелдердің саны азаяды – депутат

17 Қыркүйек 2020, 15:43
2972
Бөлісу:
2025 жылы бала туатын әйелдердің саны азаяды –  депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Ләззат Сүлеймен стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетовке депутаттық сауал жолдады. 

Онда сенатор ұлттық деңгейде де, өңірлік деңгейде де адами капиталдың саны мен сапасын бағалаудың заманауи мемлекеттік басқарудағы орны ерекше екеніне тоқтала келіп, демографиялық факторлар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

Соңғы он жылдықта Қазақстан халқының саны 2 миллион 400 мың адамға немесе 15,1%-ға өсті. Негізінен, ол табиғи өсім инерциясымен және мемлекеттің әлеуметтік саясаты бағытының дұрыстығымен қамтамасыз етілді. Бұл тенденция 2024-2025 жылдарға дейін сақталады. Содан кейін бала тууға әлеуетті әйелдер санының азаюына байланысты кері коэффициент көрсетеді. 2035 жылдан өсім қайта көбейетін болады. БҰҰ халықтың қоныстануы жөніндегі қорының зерттеуіне сүйенсек, қазіргі қалыптасып отырған табиғи өсім сақталған жағдайда, Қазақстан халқы шамамен екі ұрпақ ішінде 23%-ға ұлғаяды. Бұл 4 миллион 200 мың қазақстандықты құрайтын айтарлықтай әлеует. Яғни, экономикалық белсенді халық саны 2050 жылға дейін 1,3 есе өсіп, 15,3 миллион адамға жетеді, - деді Ләззат Сүлеймен. 

Оның айтуынша, жастардың еңбек нарығына тартылуын ұлғайту, жұмыссыздық деңгейін барынша азайту қажет.

 Жастардың денсаулық, еңбек және репродуктивті құқықтары, әлеуметтік қолдау кепілдіктерін қамтамасыз етуге бағытталған. Бала тууды қолдау саясаты болғанда, әйелдердің, оның ішінде жас балалар бар, көпбалалы аналардың, ауыл халқының әлеуетін ашуға мүмкіндік жасау, қолданыстағы заңдарды біріздендіру, халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету керек. Бұл қадамдар халықтың саны мен бөлінуін, оның ағымдағы және болжамды жас құрылымы мен өсу қарқынын түсіну қажет. Сондықтан ішкі көші-қон ағындарын реттеу жөніндегі міндет, демографиялық даму, халықтың динамикасын болжау және оның орнықты дамуымен, репродуктивті денсаулығымен және құқықтарымен, гендерлік теңдікті күшейтумен бірыңғай мемлекеттік демографиялық саясат етіп жүйелеу қажет, - дейді депутат. 

Осыған байланысты Қазақстанның демографиялық дамуы немесе демографиялық қауіпсіздік саясатының 2020-2030 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу қажет деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы