Балқаш қаласында «Үлкен Жүрек» орталығы жаңа қоныс тойын тойлады

3 Сәуір 2019, 21:30
4217
Бөлісу:
Балқаш қаласында «Үлкен Жүрек» орталығы жаңа қоныс тойын тойлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш қаласында «Үлкен Жүрек» даму және әлеуметтік бейімдеу орталығы жаңа қоныс тойын тойлады. 3 сәуірден бастап ол жаңа кең ғимаратта жұмысқа кірісті. Орталыққа жаңа ғимаратты «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы шеңберінде жергілікті кәсіпкер сыйға тартты.

«Үлкен Жүрек» орталығы мүмкіндігі шектеулі балаларға қол ұшын созады. Ай сайын мұнда 40 адам келіп, көмек алады. Бүлдіршіндерге педагогтар, психологтар және логопедтер сабақ өткізеді.

Осыған дейін балалар көпқабатты тұрғын үйде орналасқан бұрынғы 4 бөлмелі пәтерде дәріс алатын. Енді «Үлкен Жүрек» орталығы жалпы ауданы 253 шаршы метр жаңа ғимаратқа көшті.

Жаңа ғимаратқа көшкелі орталық қызметкерлер штатын арттырып, 120 баланы қабылдай алатын болды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санының 50% астамы жеке тұлғаны дамыту және қоғамға сіңісуі үшін әлеуметтік бейімделуге ие болады. Балқаш қаласында қазір мүмкіндігі шектеулі 233 бала бар.

«Үлкен Жүрек» 2009 жылы ашылды. Жұмысқа кіріскен уақыттан бері орталық мамандары 200-ден астам балалар мен жас балқаштықтарға көмек көрсете алды.

 

 

Өзгелердің жаңалығы