Бұл президенттің тапсырмасына қайшы: Нығматулин заң жобасынан нормаларды алып тастауды ұсынды

15 Сәуір 2020, 12:12
1694
Бөлісу:
Бұл президенттің тапсырмасына қайшы: Нығматулин заң жобасынан нормаларды алып тастауды ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша жаңа заң жобасынан кейбір нормаларды алып тастау керектігін айтты. 

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Мәжілістегі жалпы отырыста Қазақстандағы бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша жаңа заң жобасын таныстырды. Депутаттар заңнамалық түзетулерді бірінші оқылымда талқылау барысында бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша жаңа заң жобасынан бәсекелестік ортасын жетілдіруге кедергі келтіретін нормаларды алып тастауды ұсынды. Соған сәйкес мемлекеттік монополия субъектісі болып табылмайтын жекелеген заңды тұлғаларға кез-келген өнімді өндіруге және бәсекелестік нарықта сатуға айрықша құқықты беруге құқылы.

Ал Мәжіліс төрағасының айтуынша, соңғы кездері отандық нарықта бәсекелестік ортасы айтарлықтай нашарлап кеткен. 
Бүгінгі күні акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер түріндегі 24 кәсіпорын түрі монополиялық түрде бағаны реттеу мәселесін қолға алып алған.Тіпті, бұл үкімет отырысында қаралу керек. Осы жылдың қаңтар айындағы үкіметтің кеңейтілген отырысында президент нарықтағы мемлекеттік қана емес, жеке кәсіпорындардың да монополиясын ерекше атап өтті. Демонополизация бойынша нақты тапсырмаларды бергені. Ал сіздер не ұсынып отырсыздар? (вице-премьер  Әлихан Смайыловқа қарата - тілші) Сіздер оған қарсы ұсыныстарды енгіздіңіздер, - деді Нұрлан Нығматулин.

Оның айтуынша, министрліктің ұсынып отырған жаңа заң жобасы барлық салаларда жаңа монополиялар құруға айрықша құқықты береді.

Мына ұсыныс отырған тың ұсыныстарыңыз барлық мемлекеттік мекемелерге, тіпті аудан әкімдіктеріне дейін жаңа монополияларды құруға мүмкіндік бергелі отыр. Бұл президенттің тапсырмасына қайшы келеді емес пе? Әріптестерімнің айтқанымен келісемін. Керексіз норманы заң жобасынан алып тастаңыздар, - деді төраға.


Өзгелердің жаңалығы