Бүгіннен бастап далада спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі

4 Мамыр 2020, 09:04
2377
Бөлісу:
Бүгіннен бастап далада спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап барлық өңірдегі бірнеше кәсіпкерлік субъектілерге жұмысын жалғастыруға рұқсат беріледі.

Осыған дейін 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілген болатын. 

- аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері);

- фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;

- шаштараздар (жазылу бойынша);

- медицина орталықтары (жазылу бойынша);

- стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);

- жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;

- шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.

Сондай-ақ, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жанданады.


Өзгелердің жаңалығы