Бас жаңалықтар
Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады
16 Шілде 2019, 08:28 381

Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК  16 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. 


Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты кей жерде жаңбырмен бірге найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз кей жерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Маңғыстау, күндіз Қызылорда, Қарағанда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл соғады.

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, кей жерде Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қарағанда облысының кей жерінде өте қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, кей жерде Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.





Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық