Әзілханов ҚХА сессиясында Елбасы айтқан 5 мәселені атады

30 Сәуір 2021, 17:09
2841
Бөлісу:
Әзілханов ҚХА сессиясында Елбасы айтқан 5 мәселені атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған онлайн телекөпірі кезінде ҚХА Төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов айтты.

Ассамблея сессиясының тағы бір маңызды аспектісі Елбасының таяу жылдары мемлекеттік саясатты және ұлттың жаңа бірегейлігін құрудың бес қағидаты болды.

Әзілханов ҚХА сессиясында Елбасы айтқан 5 мәселені атады

Бірінші. Мемлекет пен азаматтар арасындағы сенім мен өзара іс-қимылға негізделген қазақстандық патриотизм қағидаты.

Бұл қағидат толығымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес келеді. Белсенді азаматтық қоғам ғана демократияны дамыта алады, азаматтар, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік институттар арасында, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару аясында толыққанды өзара іс-қимыл құруға ықпал ете алады, - дейді ол.

Екінші. Азаматтық теңдік қағидаты.

«Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» формуласы осы қағидатты іске асырудың негізгі құралы болуға тиіс. Этностық, конфессиялық, тілдік және әлеуметтік айырмашылықтарға қарамастан барлық азамат тең құқықтар мен міндеттерге ие болуға тиіс. Бұл әділ қоғам мен мемлекеттің негізі, - деп түсіндірді Марат Әзілханов.

Оның сөзінше, бұл - біздің Конституциямызда бекітілген, оның 11-бабы бірлікті, бейбітшілік пен келісімді нығайтады.

Әзілханов ҚХА сессиясында Елбасы айтқан 5 мәселені атады

Үшінші. Мемлекеттік қазақ тілінің біріктіруші рөлінің принципі.

Тіл - халық бірлігінің өзегі. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзі мен Мемлекет басшысы тұжырымдаған этносаралық қатынас тілі ретіндегі мемлекеттік тіл туралы тезис Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының маңызды бағыты болып қала беруі тиіс, - деп айтты Әзілханов.

Төртінші. Бүгінде іс жүзінде белсенді түрде мәдениетаралық принциппен толықтырылып отырған «Әртүрліліктегі бірлік» қағидаты. Мәдениетаралық мәдени айырмашылықтарды мойындайды, бірақ ол жабық мәдени қауымдастықтардың құрылуына қарсы.

Бұл жағдайда айырмашылықтарға емес, мәдени және этникалық шекараларды еңсере отырып, халықтың барлық тобының ортақ құндылықтары мен мүдделеріне баса назар аударылады. Бұл өте маңызды. Этностық топтар өз мемлекетінің қоғамына, оның ішінде мемлекеттік тілді меңгеру арқылы да интеграциялануға тиіс. Интеркультурализмнің ажырамас шарты - барлық азаматтың заң алдындағы теңдігі, бұл екінші және үшінші қағидаттармен толық байланысты, - дейді ол.

Этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея мүшелері этностардың бірігуіне және барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруіне белсенді жәрдемдесуге тиіс.

Бесінші. Ұлтты тұрақты жаңғырту қағидаты.

Бұл қағидат Қазақстанның одан әрі дамуы мен ілгерілеуі үшін шешуші мәнге ие.

Бүгінгі таңда табысты, прогрессивті және заманауи болғысы келетін әрбір адам білім, еңбекқорлық, кәсібилік, тәртіп пен жауапкершілік, адалдық, үнемділік сияқты қасиеттерге ие болуы керек. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер алдағы жұмыс стратегиясын айқындау кезінде барлық бес қағидатты негізге алуға тиіс, - деді Марат Әзілханов.

Еске сала кетейік, 28 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті.

Өзгелердің жаңалығы