Азаматтарға жылдам көмек көрсететін «102» қосымшасы таныстырылды

3 Ақпан 2021, 11:47
3707
Бөлісу:
Азаматтарға жылдам көмек көрсететін «102» қосымшасы таныстырылды
PHOTO
Фото: автордан

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ішкі істер министрлігі «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында жаңа сервис «102» мобильді қосымшасын таныстырды. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновтың айтуынша, мобильдік қосымша көпарналы жүйе арқылы жұмыс істейтін ауқымды жоба. 

Азаматтарға жылдам көмек көрсететін «102» қосымшасы таныстырылды


 

Кез келген жағдай болғанда азаматтар «102»-ге хабарласатын. Ол кезде операторлар оның жеке мәліметтерін сұрап отыратын. Оған біршама уақыт кететін еді. Ал бұл қосымша арқылы видеоқоңырау немесе аудиоқоңырау шалған кезде қызметкерлер автоматты түрде оның нөмері мен аты-жөніңіз,мекенжайыңыз шығады, - деді ол. 

Азаматтарға жылдам көмек көрсететін «102» қосымшасы таныстырылды

Сәрсенов атағандай, бұл лезде анықтау оқиға орнына маңайдағы полиция экипажын жіберуге мүмкіндік алады.

 

ІІМ өзіндік қауіпсіздік қызметіне жүгінуіне мүмкіндігі бар, виртуалды ассистенттер арқылы өз бетінше сұрақтарға жауап табады. Онлайн-сервис полицияны халыққа жақын әрі қолжетімді етуге арналған. Бұл
халықтың қорғалу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қоңырау бірден қоңырау түскен жергілікті жердің полициясына келіп түседі, - деді ол.
 

Сәрсенов екі тәулік ішінде қосымшаны 5 мыңнан астам азамат көшіріп алғанын айтты.  

 

2283 қоңырау шалынған. Оның 1200-і тестік түрде,қалғаны полициядан көмек сұрағандардан түсті. 123 хабарлама келіп түсті. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік апатына қатысты хабарламалар болды. Белсенді өңірлер ішінде Нұр-Сұлтан,Алматы және Павлодар қалалары болып отыр,-деді Сәрсенов. 

5 мыңнан астам маман оқытылды. 4 мың адам қоңыраулар бойынша жұмыс істейді. 

Азаматтарға жылдам көмек көрсететін «102» қосымшасы таныстырылды


 

Айта кетейік, «елдегі қазіргі жағдай құқық қорғау органдарына жаңа талаптар қояды, олар азаматтардың сұраныстарына жауап беруі керек» деп атап өткен ел Президенті 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында полиция реформасы бойынша нақты міндеттер қойған еді.

Өзгелердің жаңалығы