Шекарадан қойнына телефон толтырып өтпек болған азаматша ұсталды

13 Сәуір 2019, 16:35
3010
Бөлісу:
Шекарадан қойнына телефон толтырып өтпек болған азаматша ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12 cәуір күні кешкілік «Қорғас» шекаралық бақылау отрядының Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығына қарасты бақылау бөлімшесінің шекара наряды жүріс-тұрысы күдікті болып көрінген ҚР азаматшасынан ұялы телефондарды тәркілеген. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Шекара қызметкерлері бақылаудың барлық түрін өтіп болып, енді Қазақстанға қарай бет алған 1978 жылғы қазақстандық азаматшаны ұстаған.

"Жүріс-тұрысы күдікті болып көрінген азаматшаны жеке алып шығып тексерген кезде, оның қойны-қоншынан 15 дана ұялы телефондар табылды. Заңсыз тауар актіленіп, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды", - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы