Қазақстандық суретші халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

14 Қыркүйек 2020, 13:30
3010
Бөлісу:
Қазақстандық суретші халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық суретші Талғат Тілеужанов «The best artist» байқауының жеңімпазы атанды. 

Осылайша, онлайн дауыс беру аяқталды. Әрине, шынайы жұмысқа қарау - бұл бір нәрсе, бірақ интернетте дауыс беру мүлдем басқа, бірақ біз қолжетімді мүмкіндіктерге сүйенеміз. Әділ қазылар алқасының құрметті мүшелерінің ұпайларын есептеп, жанкүйерлердің пікірін біліп, біз сізге нәтижені ұсынғымыз келеді, - деп жазды байқау ұйымдастырушылары. 
Талғат Тілеужанов (Қазақстан, Алматы) 208 балл жинап, 1-орын иесі атанды. Ол «үздік суретші» сыйлығын және Киевтегі Ұлттық музейде көрме өткізу мүмкіндігіне ие болды.

171 балды жинаған Сүйітбек Торобеков (Қырғызстан, Бішкек) және Әлішер Әліқұлов (Өзбекстан) екінші орынды иеленді. 

Ең көп ұпай жинаған бес адам келесі жылға VIP негізіндегі біздің ұйым есебінен шақырылады. Алғашқы бестікке iwona Perlinska (Польша) – 162 ұпаймен және Raed Yousef Qatanani (Иордания) – 150 ұпаймен кірді.

Қалған онлайн қатысушылар келесі жылы конкурстан тыс қатысу үшін шақырылады. Қатысушылар барлық марапаттарды карантиннен кейін Украинаға барғаннан кейін алады.


Өзгелердің жаңалығы