Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасына Жапонияда жаттыға алады

27 Қараша 2019, 07:50
3237
Бөлісу:
Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасына Жапонияда жаттыға алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасына қатысты оқу-жаттығуларын Жапонияда өткізе алады, деп хабарлады prosport.kz.    

Бұл тұрғыда қос ел өкілдері арнайы меморандуға қол қойды. Елордада өткен жиында алдағы байрақты бәсекенің маңыздылығы сөз болды. Осыған байланысты Ұлттық олимпиадалық және паралимпиадалық құрамалар Нара аймағындағы Кашихра қаласында дайындықты пысықтайтын болды. Ол жерде жерлестерімізге арналған жаттығу лагері бар. 

Бұған қоса, кездесу барысында Токио Олимпиадасына тігілетін костюмдердің дизайнына қатысты қос тарап бір-біріне қолдау жасау жөнінде келісім жасалды.  


Бұл меморандумның қос ел спортшылары үшін маңызы зор. Осының арқасында ұлттық құрамаларымыздың нәтижесі жақсы болады деген үміттеміз. Қазақстан және Жапония тарапы алдағы Олимпиададан бірнеше алтын алуды көздеп отыр, - деді Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаи. 

   


Өзгелердің жаңалығы