Қазақстанда сыбайлас жемқорлық 15% қысқарған

22 Сәуір 2020, 11:51
2301
Бөлісу:
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық 15% қысқарған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық қылмысы 15% қысқарған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, өткен жылдың қараша айынан бері "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлікті қолдау палатасымен бірге мемлекеттік сатып алу бойынша мониторинг жасауды іске қосылған. Ол күнделікті қашықтан атқару форматында жасалып жатыр. Соның арқасында тауар мен көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бағаны көтеру деректері анықталып, 2 млрд теңге үнемделген. 
Осы жылдың 1-ші тоқсанында агентіктің жедел тергеу бөлімімен 892 қылмыстық жаң бұзушылық тіркелді. Оның басым бөлігі немесе 77% ұрлық пен жемқолық дерегі. Өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық қылмысы 15% қысқарған. Мұның бәрі алдын алу жұмыстарының тиімді жүргізілуімен және төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты болып отыр, - дейді Жақсымбетов. 

Сонымен қатар, ол агентіктің 2020 жылғы 1-ші тоқсандағы жұмыс нәтижелерімен таныстырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес агентіктің алдын алу жұмыстары бір шама артты. Аталған бағыт толығымен онлайн форматқа ауысып, үш жаңа жоба жедел іске қосылды. Біріншісі, "Антикор live" жобасы агенттік қызметкерлерінің, қоғам белсенділері, басқа да мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен күн сайын танымал әлеуметтік желілерде тікелей эфирде өтеді. Осы күнге дейін 200-ден аса live  өткіздік, - дейді ол.

Агенттік сондай-ақ, «Антикор news» жобасын да іске қосқан. Ол қызықты видео контенті бар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ең өзекті жаңалықтардың апта сайынғы шолуы.
Тағы бір жоба ол "Адал көмек" жобасы. Президент белгілеген волонтерлер жылын қолдау үшін іске қосылды. Оның мақсаты – әлеуметтік әлжуаз азаматтарға мәселелердің түрлі хабары бойынша тегін заң көмегін көрсету. Оған осы күнге дейін 10 мыңнан астам азаматқа құқықтық көмек көрсеткен заңгерлер қатысады, - деді департамент басшысы.
Өзгелердің жаңалығы