Бас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус індетінен бір адам қайтыс болды
26 Наурыз 2020, 20:30 950

Қазақстанда коронавирус індетінен бір адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде коронавирус індетінен алғашқы өлім тіркелді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

Өкінішке қарай бүгін коронавируспен науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз. Бұл оқиға бізге тағы да коронавирустың қауіптілігін еске салады. Қазір болып жатқанның бәрі бәріміз үшін сынақ. Дәрігерлердің оқшаулану, байланысқа түспеу, карантин мен төтенше жағдайды сақтау туралы барлық талаптары мен нұсқауларын орындау қажет, - деді Дәурен Абаев "Хабар 24" арнасында онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.
 
Бүгін елімізде коронавирусқа шалдыққандардың саны 109 адамға жеткен болатын. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында –1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 109 науқас тіркелді.

Сондай-ақ, коронавирус індетін жұқтырған екі адам емделіп шықты.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...