Қазақстан Қытайға наразылық білдірді

14 Сәуір 2020, 14:31
3500
Бөлісу:
Қазақстан Қытайға наразылық білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Сыртқы істер министірлігінде Қытай елшісімен кездесу өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.  

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қытайдың ҚР-дағы елшісі Чжан Сяомен кездесу өтіп, оның барысында қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы "Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады" атты мақалаға қатысты наразылық білдірілді, - делінген таратылған ақпаратта. 
Қытай елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіндігі атап өтілді. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті.

Сондай-ақ, ҚР-ның Пекиндегі елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады.

Өзгелердің жаңалығы