Қазақстан халқы бір жылда 240 мың адамға өсті

16 Сәуір 2020, 10:35
2431
Бөлісу:
Қазақстан халқы бір жылда 240 мың адамға өсті

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 240,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Мұндай деректі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті келтіріп отыр.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, 2020 жылғы 1 наурыз жағдайында еліміздегі халық саны 18 млн 671,9 мың адамды құраған, оның ішінде қалалықтар – 10 млн 932,3  мың (58,5%), ауылдықтар –7 млн 739,6 мың адамды (41,5%) құрады.
2019 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда халық саны 240,4 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде байқалды. Алматы қаласы - 65,6 мың адам, Нұр-Сұлтан қаласы - 58,5 мың және Түркістан облысында - 33,1 мың адамға өскен , - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы