Әйтімова жаңа депутаттарға: Сіздер болмасаңыздар біз әлі қалар едік

2 Қыркүйек 2019, 15:42
3555
Бөлісу:
Әйтімова жаңа депутаттарға: Сіздер болмасаңыздар біз әлі қалар едік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламенттің жоғарғы палатасының отырысында Сенат төрағасы Дариға Назарбаева экс-депутат Бірғаным Әйтімоваға атқарған қызметі үшін алғысын айтты.

Өз кезегінде Әйтімова бұрынғы әріптестеріне арнап сөз сөйледі.

"Құрметті әріптестер, құрметті жаңадан келген, біздің ізімізді басып келе жатқан әріптестер, сіздер болмасаңыздар біз әлі қалар едік. Құттықтаймыз сіздерді! Әрине, осындай кез келеді бәріңіздің алдыңызға. Бүгін болмаса, ертең болады. Ертең болмаса, бес-алты жылдан кейін келеді. Бәріңізге де осындай сыйластық көрсетілсін деп тілеймін", - деді Бірғаным Әйтімова.

Әйтімова өзіне сенім білдірген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты.

Атап өтсек, 12 тамызда Қазақстан президентінің жарлығымен Бірғаным Әйтімова, Сергей Громов, Асқар Бейсенбаев, Георгий Ким, Дулат Құсдәулетов, Рашид Түсіпбековтің депутаттық өкілеттігі тоқтатылған еді. 

Бүгінгі отырыста Дариға Назарбаева олардың барлығына алғыс айтып, құрмет грамотасын табыстап, ортақ фотосуретке де түсті.

Еске салсақ, Бірғаным Әйтімова 2013 жылдан 2019 жылға дейін Сенат депутаты болған.

Бүгін жаңа сенаторлардың халыққа ант бергенін де хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы