Айман Омарова президенттен Сарыағаштағы зорлық оқиғасына көңіл аударуды сұрады

6 Қыркүйек 2019, 14:32
3766
Бөлісу:
Айман Омарова президенттен Сарыағаштағы зорлық оқиғасына көңіл аударуды сұрады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында адвокат Айман Омарова зорлық-зомбылық, педофилия мәселесін көтерді.

"Мен зорланған әйелдерді қорғаған кезде ол қиын деп ойлағам. Ал балаларды зорлағанды көрген ол өте қиын. Ал ер адамдарды зорлаған, кішкентай ер балаларды, мүгедектерді зорлаған ол тіптен қиын. Олардың ерекшеліктері бар. Мысалы, менің қазір тоғыз ісім бар. Тоғыз бала зорланған. Бәрін ала бере алмаймын. Сол үшін бұл жерде департамент құру керек. Департаментте нақты, тәжірибелі адамдар болу қажет. Зорланған әйелдер департаменті, зорланған балалар департаменті бөлек болу керек", - деді Айман Омарова.

Құқық қорғаушының айтуынша, Сарыағаш ауданындағы интернатта 13 жастағы бала бір жыл бойы зорлық көрген.

"Балалар оны "тесік" деп атаған. Жығылғанға жұдырық, Түркістан облыстық соты зорлаған баланы ақтап жіберген. Себебі интернатты жапқысы келмейді. Мен сізден соған өзіңіз көңіл аударсаңыз деп сұраймын", - деді Айман Омарова Мемлекет басшысына.

Адвокат президентке Арқалық қаласы маңындағы ауылда болған зорлық оқиғасы жайлы да айтып берді. Ауылда 14 ер адам бір қызды зорлаған екен. Қыз босанып алған, ал полиция зорлағандарды қамауға да алмаған.

"Халықтың соңғы үміті - сот. Бәрі сот әділетті болса екен деп ойлайды. Халық қайда барады? Осыдан наразылық туады. Сот жүйесін өзгерту керек деп санаймын. Сотта тек қана адал адамдар, профессионалдар отыру керек", - деді Айман Омарова.

Бұған дейін ол "Адвокаттар мен журналистер ешкімнен қорықпай жұмыс істеуі керек" деген еді.

Атап өтсек, Президент жанындағы Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы басталғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Тоқаев «Жолдауда айтылған бастамаларды Ұлттық кеңес аясында қарастыру қажет»«Отандастырамыз өз пікірлерін ашық айта бастады»«Масылдыққа жол берілмейді» деген еді.


Өзгелердің жаңалығы