Ай бетінде мақта өсе бастады

15 Қаңтар 2019, 17:46
3210
Бөлісу:
Ай бетінде мақта өсе бастады

Астана, BAQ.KZ. Алғаш рет Айдың көлеңке жағына қонған Қытайдың планетааралық "Чаңэ-4" станциясы биологиялық экспериментті жүзеге асырды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеаранасы хабарлады.

Эксперимент үшін 6 түрлі өсімдіктің тұқымы таңдалып алынған. Станцияда орнатылған фотоаппарттың көмегімен түсірілген суреттерде көрінгендей, мақта ұрығы алғашқы болып өскін аша бастаған. 

Бұдан бұрын, Айдағы радиацияның тірі жан иелері үшін әсер етуі жайлы америкалық астронавтар 1972 жылы "Аполлон-17" миссиясын іске асыру барысында анықтаған болатын.

Қытай ғарыш аппараты 2018 жылы 8 желтоқсанда ұшырылған болатын. Оның негізгі міндеті Айдың бұған дейін белгісіз болып келген бөлігін зерттеу. Сонымен қатар, Айға радиоастрономиялық байқау жүргізіп, Ай бетінің түзілу құрамын зерттемекші.

Фото: https://twitter.com/CNS1952

Өзгелердің жаңалығы