Автомат арқылы теміржол билеттерін сатып алғанда комиссия ұсталмайды – ҚТЖ

4 Қараша 2020, 10:24
1756
Бөлісу:
Автомат арқылы теміржол билеттерін сатып алғанда комиссия ұсталмайды – ҚТЖ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 қараша мен 31 желтоқсанда «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Касса-24»  мен «QIWI» сауда маркаларымен бірге өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы теміржол билеттерін комиссиясыз рәсімдеу акциясын іске қосады.  

Бүгінде теміржол билеттерін «Жолаушылар тасымалы» АҚ 165 билет кассаларынан, шамамен 3 мыңдай агенттік кассаларынан, соның ішінде Амадеус сауда орындары мен пошта бөлімшелерінен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ  bilet.railways.kz сайтын, сондай-ақ «ҚТЖ билеті» мобильдік қосымшасын қосқанда 15 интернет сайттарынан сатып алуға болады.   

Бұдан басқа, теміржол билеттерін вокзал аумағында және одан тыс орнатылған шамамен 30 мыңдай өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтарынан («Касса-24» и «QIWI») сатып алуға мүмкіндік бар. Интернет және өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы теміржол билеттерін онлайн сату үлесі тұрақты өсім тенденциясымен 47%  құрайды.   

Ағымдағы жылы теміржол билеттерін сату жүйесін жетілдіру шеңберінде бірнеше жаңашылдықтар жүзеге асырылғандығын қаперге саламыз. Мысалы, мүгедектігі бар тұлғалар bilet.railways.kz сайты арқылы теміржол билеттерін жеңілдікпен сатып алуы мүмкіндігі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сайт bilet.railways.kz сайты «Каспий Банк» АҚ процессингімен толықтырылды және де бұрындары билет кассаларынан POS-терминал арқылы төленіп қойылған теміржол билеттерін қайтару кезінде жолаушы картасына ақшаны автоматты түрде қайтару функциясы жүзеге асырылды. 

Сондай-ақ, Touch ID и Pin-код – саусақ ізі көмегімен «ҚТЖ билеті» мобиольдік қосымшасы қолданушыларын аутентификациялау функциясы іске қосылды. 

Өткен жылдан бері саудада билеттер болмаған кезде жолаушыларға тіркелуге және кезек тәртібімен билеттер сатып алуға мүмкіндік беретін электрондық «Күту парақшасы» функциясы жүзеге асырылғандығын қаперге саламыз. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол билеттерін сатып алу үшін онлайн жүйені пайдалануға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы