Бас жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде алдыңғы қатарға шықтық – әкім
19 Ақпан 2020, 14:50 562

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде алдыңғы қатарға шықтық – әкім

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде бүгін облыс тұрғындары алдында есеп берген өңір басшысы Даниал Ахметов хабарлады. 

Облыс сүт, бал, мүйіз және күнбағыс сияқты майлы дақылдарды өндіру бойынша республикада бірінші орында, ет өндірісі бойынша екінші орында. 2019 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға 31 млрд теңге субсидия бағытталды. Біз бұл қаражатты тиімді пайдалануды және толық қайтаруды қамтамасыз етуіміз керек. Сүт фермаларын дамыту аясындағы инвестициялар 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін халықтан сүт сатып алуды ақшалай түрде 17 есе, заттай түрінде 13 есе, яғни 3,7 мың тоннадан 48,4 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді. 5 жыл ішінде өңдеуші кәсіпорындардың қуаттылығы 29-дан 75пайызға артты, - деді Даниал Кенжетайұлы. 
Қоса кетсек, векторлық бағыты өсімдік шаруашылығын экспортқа бейімделген өнімге көшіру қажеттігі туындап отыр. Сол себепті аталмыш мәселеге басымдылық берілуде. Мысалы Шығыс өңірі үшін соя мен жүгері өндірісі стратегиялық маңызға ие. Бұл бірінші кезекте миллиардтан астам тұтынушысы бар Қытаймен іргелес орналасқан облыс үшін таптырмайтын мүмкіндік екені рас.

Сол себепті 2024 жылға қарай Шығыс Қазақстандағы егіс алқаптары 4,2 есе, жалпы түсім - 6,5 есе, өнім экспорты - 10 есеге, яғни 1,5-тен 15 мың тоннаға дейін өседі деп жоспарлануда.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...