Аурудың алдын алу бойынша нұсқаулық: Толыққанды ұйқы және дұрыс тамақтану

29 Қыркүйек 2020, 11:48
2071
Бөлісу:
Аурудың алдын алу бойынша нұсқаулық: Толыққанды ұйқы және дұрыс тамақтану

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында №4 қалалық емхананың бас дәрігері Зухра Омарова және қалпына келтіру медицинасының дәрігері, реабилитолог Айгүл Солтанбек  COVID-19-дың алдын алу шаралары туралы айтып берді.

Біз қазір тұмауға қарсы вакцинаны белсенді жүргізіп жатырмыз. Барлығына қашықтықты сақтауды, емханаларға қажетсіз бармауды ұсынамыз. Емханалар жанында мобильді топтар жұмыс істейді. Пациенттер call-орталықтар арқылы оларды шақыра алады. Мобильді топ шығып, жағдайын бағалап, қажетті шараларды қабылдайды. Егер дене қызуы болса, үйде қалып, мамандарды шақыру қажет, - деді Зухра Умарова.
Қалпына келтіру медицинасының дәрігері Айгүл Солтанбек емхана жанындағы Салауатты өмір салты кабинетінің қызметкерлері ата-аналармен және балалармен алдын алу шаралары бойынша қосымша түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.

Күзгі кезеңнің басталуымен тұмау, ЖРВИ және т.б. сияқты маусымдық аурулардың пайда болу ықтималдылығын қарастырамыз. Ең бастысы - тазалықты сақтау. Ал балаларға қатысты айтарымыз, оларға  артық шаршауға жол бермеу керек. Сондай-ақ, күнделікті өмірді дұрыс қалыптастыру қажет - бұл толыққанды ұйқы және дұрыс тамақтану. Дене жаттығуларын орындау, соның ішінде көзге арналған жаттығулар жасау ұсынылады. Көптеген бала онлайн оқып жатқандықтан, балалар бөлмесінде ауа алмасуды қамтамасыз ету маңызды, - деп қорытындылады Айгүл Солтанбек.


Өзгелердің жаңалығы