Ауғанстанның 70 000 азаматын қабылдау туралы тараған ақпарат жалған – СІМ

16 Тамыз 2021, 13:55
2536
Бөлісу:
Ауғанстанның 70 000 азаматын қабылдау туралы тараған ақпарат жалған – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. What‘ sApp мессенджерінде Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген қауесет тарады. Алғашқы 500 адам ұшақпен Шымкент әуежайына қонған, алдағы күндері тағы 1500 адам келеді деген ақпарат тараған еді, деп жазды stopfake.kz.

Ауғанстанның 70 000 азаматын қабылдау туралы тараған ақпарат жалған – СІМ

Таратылған ақпаратта босқындар үшін Шымкентте уақытша қоныстар ашылатыны айтылған. Тіпті мектептердің біріне әскерилер төсек-орындар қойып жатқан видео мен фотосуреттер де желіде тарап кетті.

Ауғанстаннан босқындардың келетіні және олардың Шымкент пен Түркістан облысына орналастырылатыны туралы ақпаратты Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

Бүгінгі күні тараған ақпарат шындыққа жанаспайды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

 


Өзгелердің жаңалығы