Бас жаңалықтар
Ауғанстанда ДАИШ басшысының көзі жойылды
05 Мамыр 2019, 12:59 699

Ауғанстанда ДАИШ басшысының көзі жойылды

Алматы, BAQ.KZ. Ауғанстан арнайы күш құрылымдары ДАИШ (Қазақстанда тиым салынған) басшыларының бірін жойды. Бұл туралы Khaama Press агенттігі елдің Ішкі істер министріне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Содырлардың басшысы Ауғанстанның солтүстігіндегі және Орталық Азиядағы террористік операцияларды басқарған.

Лаңкестік топ басшысын жою операциясы 3 мамыр күні түнде болған. Агенттіктің мәліметінше, содырлардың басшысы Муфти Өзбек Ауғанстанның солтүстігі мен Орталық Азиядағы террористік әрекеттерді басқарған. Сондай-ақ, ол лаңкестерді қаржыландырып, қажетті қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырған. 

Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Баглан провинциясында жүргізілген операция кезінде Муфти Өзбектен бөлек тағы үш содырдың көзі жойылған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық