Астана-Ұланбатыр бағытында әуе рейсі қашан ашылатыны белгілі болды

30 Қаңтар 2019, 12:08
5452
Бөлісу:
Астана-Ұланбатыр бағытында әуе рейсі қашан ашылатыны белгілі болды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан-Моңғолия парламент тобының жетекшісі, Моңғолия парлмаент депутаты Д.Мұраттың ұсынысымен екі ел арасындағы әуе байланысы орнады. Бұл туралы моңғолиялық қазақ депутатының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.

Онда депутаттың үкіметке жолдаған екі сауалының бірі – Қазақстан-Моңғолия арасында әуе байланысын қалпына келтіру мәселесі шешімін тапқандығы айтылады.

«Ұланбатыр-Астана-Ұланбатыр бағытында тіке әуе рейсі 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асырыла бастайды. Аптасына екі рет – сейсенбі, жұма күндері ұшатын рейске қазақстандық SCAT компаниясы жауапты. Бұл жайлы аталған компаниямен келісім шарт жасалды» - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұдан бөлек, Алматы-Ұланбатыр-Алматы, Өскемен-Өлгий-Өскемен бағыттарында аптасына екі рет SCAT компаниясының жауапкершілігінде тұрақты әуе кемесі қатынайтыны айтылған.

Осы мәселе бойынша бүгін SCAT әуе компаниясына хабарласқан болатынбыз. Өзін Нұрбек Ержігітов деп таныстырған компанияның Call-орталығының үйлестірушісі Астана-Ұланбатыр-Астана бағытындағы рейс 2019 жылдың 2 маусымынан бастап жүзеге асатынын айтты.

«1 ақпаннан бастап рейс ашылады деген қате пікір. Моңғолия тарапымен келісім бойынша 2019 жылдың 2 маусымынан бастап Астана-Ұланбатыр-Астана бағытында біздің компания арнайы рейс ашатын болады» - дейді SCAT компаниясының өкілі.


 

Ержан Жаубай

Астана-Ұланбатыр бағытында әуе рейсі қашан ашылатыны белгілі болды

Дегенмен Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласының «Чингис хаан» әуежайы Астана-Ұланбатыр-Астана бағытындағы рейсті әуе компаниясының бағдарлар кестесіне енгізіп қойған екен.

Астана-Ұланбатыр бағытында әуе рейсі қашан ашылатыны белгілі болды

Себебі 2019 жылдың 23 қаңтары күні Моңғолия Азаматтық авиация комитетінің шығарған бұйрығына сәйкес екі ел арасындағы әуе тасымалы 2019 жылдың 1 ақпанынан басталады деп жазылған.

Әзірге екі тарап та билет бағасы туралы мәлімет бермеді.

Ержан Жаубай

Өзгелердің жаңалығы