Бас жаңалықтар
18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
18 Қаңтар 2019, 08:15 964

18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі. Республиканың кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

 Түркістан облысының кей жерінде тұман, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін жетуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерінде тұман түседі, күндіз Жарма ауданында жел 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Батыс Қазақстан, Атырау, Актөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерінде тұман түседі, Атырау облысының кей жерінде көктайғақ болады.

Сізден жаңалық