Бас жаңалықтар
Атырауда тегін көшет таратылды
15 Сәуiр 2019, 15:07 268

Атырауда тегін көшет таратылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қала тұрғындарының әрқайсысы үйеңкі, шетен мен қарағаштың бес көшетін тегін ала алды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін, 15-сәуірде Атырауда тұңғыш рет көшеттердің жергілікті тұрғындарға тегін таратылу акциясы өтті. «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің аумағында сағат 10-нан бастап тұрғындар кезекке тұрды. Тұрғындарға ағаштың үш түрі ұсынылды - үйеңкі, шетен және қарағаш.

«Ағаштар алу үшін тұрғындар өздерінің телефон нөмірін және ағаштар отырғызылатын мекен-жайын қалдыру керек. Барлығы 5 көшет алып, одан әрі тиісті күтім мен суаруды қамтамасыз етуі қажет. Арнайы құрылған комиссия тұрғындардың іс-әрекеттерінің орындалуын бақылайтын болады», - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өндірістік-техникалық секторының жетекшісі Акесен Ибрагимов.


Акесен Ибрагимовтың айтуынша, көшеттер Индер ауданынан әкелінген, жасыл көшеттер әлеуметтік мекемелерде - балабақшалар мен мектептерде отырғызылады, үш мың жас ағаш тегін таратылды.

Айта кетейік, Атырауда екі айлық санитарлық тазалау жалғасуда. Сәуір сенбіліктерінің аясында облыс орталығында жасыл көшеттер отырғызу жоспарланған.

Сізден жаңалық