Атырау тұрғындарына коронавирусты анықтайтын сынама тест жасалды

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олардың арасында &nbsp;29 науқаста ғана коронавирустық инфекция&nbsp;расталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.&nbsp;</h4>

 7 Сәуір 2020 2020, 03:32
7 Сәуір 2020 2020, 03:32
2242

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Олардың арасында  29 науқаста ғана коронавирустық инфекция расталды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жергілікті тұрғындар арасында  коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін 1300-ге жуық ПТР тест жүргізілген.  Оның ішінде қауіпті індетті 29 адамның жұқтырғаны белгілі болды. 

Айта кетейік, Covid-19 дертіне шалдыққандармен жақын байланыста болған барлық тұлғаларға  ПТР сынақтары жүргізіліп, нәтижесінде олардың тесті теріс көрсеткіш көрсетті. 

ПТР тесттеріне негізделген диагностика  –  адам ағзасындағы коронавирустық инфекцияны анықтайтын нақты  әдіс болып табылады. Сынама тест  вирустың  РНҚ фрагменттерін анықтауға негізделген.
Наверх