Атырау облысының 98,4% табиғи газбен қамтылған

17 Шілде 2019, 10:30
1834
Бөлісу:
Атырау облысының 98,4% табиғи газбен қамтылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық мәслихат депутаттарына ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша есеп берген Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев осылай мәлімдеді. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қзыметінен хабарлады. 


"Атырау облысының әлеуметтік - экономикалық дамуына өсім тән. Алдымен, өңір экономикасының дамуына мұнай-газ секторы ықпал етіп отыр. Соның ішінде, индустриялық-инновациялық даму жобалары бар. Өткен төрт жылда жалпы сомасы 3,17 трлн тенгеге 35 жоба іске асырылып, бұл қосымша 3,8 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді", - деді Нұрлан Ноғаев.

WhatsApp Image 2019-07-17 at 08.57.37.jpeg

Облыс әкімі атап өткендей, экономиканы диверсификациялау өңірдің көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 22,3 млрд. теңгені құрады. Агроөнеркәсіп секторын қаржыландырудың арқасында тамшылап суарылатын егістік алқабы 2,8 мың гектарға дейін ұлғайды. Бұл егістіктің жалпы аумағының үштен бірі.

"Мүйізді ірі қара малдың саны тұрақты өсуде. Ауылдық кәсіпкерлердің несиеге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» арқылы жеңілдетілген мөлшерлемемен несиелеуге жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. 2013-2019 жылдары осы мақсатта 2 млрд 357 млн теңге бөлініп, 416 бизнес-жоба қаржыландырылды. 2019 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында перспективалық ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға мемлекет қазынасынан 900 млн теңге бөлінді", - деді аймақ басшысы. 

WhatsApp Image 2019-07-17 at 08.57.37 (1).jpeg

Сонымен қатар, жыл басынан бері облыста 378,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау және білім беру саласы қызметкерлері үшін 297 пәтерлік 4 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Барлығы, биыл 3395 пәтерлік 40 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған. Бұдан бөлек, 5 531 пәтерлік 77 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

"Қазіргі кезде облыс халқының 98,4% табиғи газбен қамтылған. Азғыр өңірінің 10 ауылын газдандыру арқылы бұл көрсеткіш 99,5% жетеді. Азғыр өңірін газдандыру жұмыстары аяқталды, газды елді мекендерге жеткізу жұмыстары басталды", - деді Нұрлан Ноғаев.


Өзгелердің жаңалығы