Атырау облысында 722 жұп ЭКО кезегінде тұр

3 Қыркүйек 2020, 16:54
2189
Бөлісу:
Атырау облысында 722 жұп ЭКО кезегінде тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл облыста 37 жұпқа экстракорпоральды ұрықтандыруға квота берілді. 

Өткен жылы осындай квота 30 жұпқа берілген болатын, деп хабарлады Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жасанды ұрықтандыру жолымен сәбилі болу үшін кезекте тұрған әйелдердің жас ерекшелігі негізінен 24-42 жас аралығын құрап отыр.

Еске сала кетейік, бүгінгі таңда ел бойынша 14 мекеме жасанды жолмен ұрықтандырумен айналысады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының қатарында​ Атырау қаласы да бар.

ЭКО жасатушыларға қаражат Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы төленіп отыр. 






Өзгелердің жаңалығы