Атырау облысында 42 градусқа дейін ыстық күтіледі

4 Шілде 2020, 18:03
1863
Бөлісу:
Атырау облысында 42 градусқа дейін ыстық күтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 3 облыста дабылды ескерту жасады.

5 шілдеде күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы - 90-100%.

5 шілде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

Күндіз 5-7 маусымда Атырау облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы