Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Instagram әлеуметтік желісінде елорда аумағындағы Ақсүмбе тұйық көшесінде волонтерлер жәбірленген иттерді тауып алғандығы туралы ақпарат тарады.
Желіде тараған ақпарат бойынша «Астана Ветсервис» ШЖҚ КМК мәлімдеме жасады.Изолятор аумағында (Ақсүмбе тұйық көшесі, 1) қатыгездікпен жәбірленген иесіз иттерге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама өткізіледі. Айта кету керек, изолятор аумағында кәсіпорын қызметкерлерімен бірге иесіз жануарларды күтуге көмектесіп жатқан тұрғындар жұмыс істейді, - делінген хабарламада.Арыз жазылып, Полиция департаментіне жіберілді. Кінәлі адамдар жауапқа тартылады.
Оқи отырыңыз: