Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады

25 Қараша 2019, 15:12
8712
Бөлісу:
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің шақыруымен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли  Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Келіссөздер барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылайды және кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарлануда, - деп жазды ол.

28 қарашада мемлекет басшысы Бішкек қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

Іс-шаралардың күн тәртібінде Ұйым жұмысы аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты көптеген мәселелер қарастырылып, ҰҚШҰ-ның биыл атқарған жұмыстары бойынша басым бағыттардың жүзеге асырылуы қорытындыланады деп жоспарланған.


Өзгелердің жаңалығы