Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан премьер-лигасының 10-турында ел чемпионы «Астана» ұтылып қалды.
Бұл жолы Роман Григорчук сырт алаңда «Тараз» клубына есе жіберді.
Осының алдында елорда командасы Нұр-Сұлтан қаласында Керекудің «Ертіс» клубына үш ұпай ұстатқан болатын. Осыдан кейін естерін жия ма деп едік, бірақ тағы да баяу қимылдады.
Екінші таймның басында Серж Ньюадзи пенальтиден есепті ашты. Сосын Элгудж Лобжанидзе екінші голды соқты. Қорытынды есеп - 2:0.
Осылайша, «Астана» 25 ұпаймен бірінші орында қалады. Дегенмен, оларды қуып жетуге «Тобылдың» мүмкіндігі бар.
«Тараз» - «Астана» - 2:0.
Голдар: Ньюадзи - 48, пенальтиден (1:0). Лобжанидзе - 76 (2:0).