Ассамблеяның жаңа имиджін қалыптастыру үшін жұмыс істеуіміз керек

5 Мамыр 2021, 12:25
1292
Бөлісу:
Ассамблеяның жаңа имиджін қалыптастыру үшін жұмыс істеуіміз керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласындағы Достық үйінің ұйымдастыруымен өткен «Қоғамдық келісімді нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі» республикалық семинары барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин айтты.

Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің отыз жылдық тарихында ел іргесін бүтіндеуге атсалысқан Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше.

Осы жылдары елімізде тұратын қаншама ұлт пен ұлыс татулықты тұғыр етіп, мәдениеті мен өнерін дамытуға мүмкіндік алды. Осы арқылы бүгін ұлты басқа бірақ тілегі және жүрегі бір біздің ынтымағымыз арта түсуде. Сондықтан баршамыздың мақсатымыз ел бірлігі мен татулығын сақтай отырып, жасампаздығымызды дамыту. Біз бір отбасымыздың мүшелері сияқты екенімізді ұмытпауға тиіспіз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблея сессиясында сөйлеген сөзінде бес принципке назар аударған болатын. Олардың қатарында қазақстандық ұлттар сеніміне негізделген патриотизмді, азаматтық теңқұқылық принципін, мемлекеттік тілдің қоғамда нығаюын дамыту сынды маңызды мәселелер бар. Осы орайда Ассамблея бұл принциптердің іс жүзінде көрініс табуына елеулі үлес қосатын инситуттың бірі екенін атап өткен жөн. Жұмысымызды осы принциптерді басшылыққа алып ұйымдастыруға тиіспіз, - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, этномәдени бірлестіктер ауқымды қоғамдық шараларға атсалысады. Соның ішінде жастармен тығыз байланысты жұмыс істейді.

Этнобірлестіктердің тағы бір маңызды жұмысы қайырымдылық пен волонтерлік шараларға белсенді қатысу. Әсіресе пандемия кезінде олар бұл іске елеулі үлес қосты. Бұл бағытттағы жұмысты жалғастыру көзделген.

Бүгінде маңызды мәселелердің бірі Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің жұмысын кеңінен насихаттау, қоғамдық келісімді нығайту мақсатында атқаралып жатқан шаралар мен татулықты, ынтымақты нығайтудың, мемемлекеттік тілдің маңызын насихаттауға арналған жұмыстар ел назарында болуы тиіс. Әсіресе әлеуметтік желіде. Қазіргі күні елімізде 950-ден астам этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Отызға жуығы республикалық статусқа ие. Егер әрқайсысы атқарылып жатқан қыруар жұмысын көрсетсе, қоғамда Ассамблеяның жаңа имиджін қалыптастыра алады. Сонымен қатар, Ассамблея қоғамдық келісімнің бұзылуына негіз болатын кез келген сынаққа дайын болуы керек. Осы орайда мұндай жағдайлардың алдын алу шараларына баса назар аударуға тиіспіз, - деді Ғалым Шойкин.

Сонымен қатар, ол Ассмаблеяның негізгі міндеті қоғамдық келісімді нығайту мен ұлттар арасындағы татулықтың беріктігін сақтау болып қала беретінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы