Бас жаңалықтар
Ассамблея өкілдері Арыс тұрғындарына үйлерін босатып берген
26 Маусым 2019, 17:27 250

Ассамблея өкілдері Арыс тұрғындарына үйлерін босатып берген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге қолдау көрсетіп жатқан ұйымдар, мекемелер өте көп. Олардың арасында Қазақстан xалқы Ассамблеясы да бар.

«Арыста болған қайғылы оқиға барлық қазақстандықтарды оятты. Қазақстан ұйғырлары этномәдени орталығы осы қайғылы оқиғаны естіген соң, сол күні сол уақытта селекторлық жиналыс өткізді. Өзара ақылдасып, қандай көмек көрсететінімізді шешіп алдық. Қолымыздан келгенше аянып қалып жатқан жоқпыз. Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы филиалдарымыз алдымен көмекке жетті. Тұрғындарға ең қажетті, яғни азық-түлікті апарды. Жәшіктерге салып, құтыдағы суларды және 1000 дана гамбургерді жеткізіп берді», - дейді ҚХА мүшесі Юсуп Келигов.

Оның айтуынша, Қазақстан xалқы ассамблеясының Шымкенттегі өкілдері Арыстан келгендерге үйлеріне дейін босатып беріп кіргізген.

«Арыстан келген бауырларымызды үйлеріне орналастырып, тамақпен қамтамасыз етіп жатыр. Қазіргі кезде қаладағы 26 мектепте 125 Арыс азаматына қамқорлық көрсетуде. Одан бөлек, Алматыдағы "Достық" үйінде ҚХА жанынан штаб құрылды. Сол жерде киім кешек, тамақ, құрлыс заттарын жинап жатырмыз. Алдағы 1-2 күнде біздің керуендер Алматыдан Шымкентке барады»,- дейді ҚХА мүшесі.

Айта кетейік, 24 маусым күні таңертең Шымкент қаласынан 97 км жердегі Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шықты. Өрттің соңы жарылысқа ұласты. Түркістан облысының әкімі төтенше жағдай жариялап, қаладан 45 мың адам эвакуацияланды. Үш адам қаза тапты, оның екеуі әскери қызметкер.


Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық