Министр Асқар Жұмағалиев SMS күтіп жүр

23 Шілде 2019, 12:37
3192
Бөлісу:
Министр Асқар Жұмағалиев SMS күтіп жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысынан кейін тілшілер ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтан ұялы телефонға қауіпсіздік сертификатын орнатуға қатысты пікірін сұрап көрді.

"Қауіпсіздік сертификаты – бұл барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін бірегей жүйе. Мұның ерікті негізде екенін сіз жақсы білесіз. Егер сіз балаларыңызға, туыстарыңызға ақпаратты көрмеуі үшін қамқорлық жасағыңыз келсе, оны қаламасаңыз, орнатпаңыз. Тағы бір артықшылығы  бұл ақпараттық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Сайттарға шабуылдар, кейбір вирустар болған кезде қауіпсіздік сертификаты көмектеседі", - дейді Жұмағалиев. 

Оның айтуынша, Конституцияда бәрі жазылған. Сондай-ақ, шұғыл іздестіру шаралары туралы заңнама бар. Бұл заң барлық мәселені реттейді. Адамның жеке мәліметтерін пайдалану заңмен қудаланады.

Тілшілердің бірі "Неге сол сайтқа өзіңіз кіріп, қауіпсіздік сертификатын орнатып алмайсыз?" деп сұраған болатын. 

"Маған ондай SMS келмеді. Келсе, орнатып аламын. Қазір хабарлама таратылып жатыр. Келгесін, өзіме жүктеп аламын", - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы