Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға алғашқы күннен бастап Қарулы күштер, оның ішінде әуе қорғаныс күштеріде белсенді түрде қатысуда.
Қазақстан әскери әуе күштерінің авиациялық базалары әрқашан жауынгерлік дайындықта, сонымен қатар әскери-көліктік,әскери және майдан авиациясының даярланған ұшу құрамдары бар. Әскери ұшқыштар күшейтілген қызмет режиміне көшірілді және команда бойынша қойылған міндеттерді орындауға дайын. Қарапайым және күрделі метеорологиялық жағдайларда, күндіз және түнде де жолаушыларды, жүктерді тасымалдауға тиісті рұқсаты бар ұшу экипаждарының тәуліктік кезекшілігі ұйымдастырылды.
Төтенше жағдай кезінде өздерінің жауынгерлік дайындығын әскери-көлік авиациясының экипаждары көрсетті. Жақында С-295 ұшақтарында дезинфекциялау, блок бекеттеріндегі кезекшілікті атқару, елді мекендерді патрульдеу бойынша міндеттерді орындау үшін Құрлық әскерлері мен арнайы жүктердің жеке құрамын Луговой және Жетіген гарнизондарынан Орал, Қостанай және Петропавл қалаларына ауыстыру жүзеге асырылды. Әскери ұшқыштардың барлығы 350-ден астам әскери қызметші мен 10 тоннадан астам жүк тасымалын жүзеге асырды.
Біздің бөлімнің авиациялық техникасының техникалық және жауынгерлік жағдайы, сондай-ақ экипаждың дайындығы қойылған міндеттерді тәулік бойы және кез келген метеожағдайларда орындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні біздің авиациялық базада төтенше жағдай кезінде міндеттерді орындау үшін әскери-көліктік және әскери авиацияның дайындалған ұшу құрамдары бар. 24 сағат бойы әскери ұшқыштар бірінші команда бойынша Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған міндеттерді орындау үшін ұшуларды жүзеге асыруға дайын, – деп атап өтті 53975 әскери бөлімінің командирі полковник Нұрлан Байдулаев.
Сонымен қатар, әскери-көліктік авиацияның күшімен елге Қарғызстан, Тәжікстан, Сауд Арабиясы мен Кувейттен отандастарымыз, оның ішінде шет мемлекетте ем қабылдап жатқан балалар да эвокуациаланды.
Кенеттен туындаған міндеттерді орындауға әзірлікті ұстап тұру, сондай-ақ ұшу шеберлігінің деңгейін арттыру үшін тіпті төтенше жағдай режимі кезінде де оқу-жаттығу ұшулары тоқтатылмайды. Ұшқыштар аптасына үш рет тиісті жаттығулар мен нормативтерді қамтитын ұшуларды орындайды. Әрбір ұшудың алдында ұшу алдындағы бақылау дайындығы мен ұшу алдындағы нұсқаулар жүргізіледі.
Жауынгерлік дайындықтан басқа әскери ұшқыштар мен авиамамамамандардың денсаулық жағдайы да бақылауда. Барлығы коронавирус симптомдарымен және санитарлық-гигиеналық нормалармен танысқан. Денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұшу және инженерлік-техникалық құрамдары күн сайын медициналық тексеруден өтеді. Атап айтқанда қан қысымын өлшеу, термометрияны және қажет болған жағдайда басқа да тексерулер қамтылады.
Әскери медиктер мен биологиялық қорғау бөлімшелері авиациялық техниканың, казармалық үй-жайлардың, оқу сыныптарын арнайы ерітінділерімен күнделікті санитариялық және дезинфекциялық өңдеуді жүзеге асырады. Ұшып келгеннен кейін барлық әуе кемелері арнайы дезинфекциялау құралдарымен өңделеді, ал экипаж медициналық тексеруден өтеді.
Естеріңізде болса, кеше әскери-медициналық мекемелердің төтенше жағдай режиміне дайын екенін хабарлағанбыз. Сонымен қатар Алматыда 100 орындық әскери госпиталь салынғаны да айтылды.